Құрметті ата-аналар (заңды өкілдер) болашақ бірінші сынып оқушылары! "Приишим негізгі мектебі" КММ-де 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталды.
Оқуға қабылдау туралы өтініш және оқуға қабылдау үшін құжаттар мынадай тәсілдердің бірімен беріледі:
* Мемлекеттік қызмет порталы арқылы;
* "Приишим ОМ" КММ-де жеке өзі: Школьная көшесі, 9-үй.
Қабылдау үшін баланың ата-анасы(лары) (заңды өкілдері) мынадай құжаттарды(құжаттарды жеке өзі ұсынады)ұсынады:
- баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың (қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжаттың)түпнұсқасы және көшірмесі;
- баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі; - оқуға қабылдау туралы өтініш;
- дербес деректерді өңдеуге келісім; - қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);
- медициналық анықтама.
Жауапты: Муслимова Жасмин Омарқызы. Жазылатын
Телефон: 5-24-15